• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Бөрлі ауданында Құрылтай сайлауын өткізу үшін 33 сайлау комиссиясы құрылған

Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді.
Бөрлі ауданында Құрылтай сайлауын өткізу үшін 33 сайлау комиссиясы құрылған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Елімізде 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Саяси доданы барлық заң нормасына сай ұйымдастыру жіті бақылауда. 23 шілдеде ел бойынша үгіт-насихат жұмыстарына рұқсат берілді.

Елдің түпкір-түпкірінде сайлауға дайындық басталды. Ең алдымен дауыс беретін адамдардың саны нақтылап, олардың мекенжайы пысықталып жатыр. Орталық сайлау комиссиясы жаз мезгілінде тұрақты мекенжайы ауысқан жандарға, уақытша тұратын жерден дауыс беруге болатынын да еске салды. 

Главный баннер

Сайлау комиссиялары да жасақталып, комиссия құрамы да бекітілді. Әрбір өңір саяси доданы заң талаптарына сай ұйымдастыру үшін барын салады. Бөрлі ауданы да Құрылтай депутаттарының сайлауының жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін дайындық басталыпты.

Аудан әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Бөрлі ауданында 38 074 адам дауыс бере алады. Бүгінгі таңда ауданда саяси науқанды өткізу үшін ауданда 33 сайлау комиссиясы құрылған. Ал, аудандық сайлау комиссиясын қоса есептегенде комиссия саны 34-ті құрайды.

—Аудандағы бекітілген учаскелік сайлау комиссияларында барлығы 215 мүше тұрғындардың еркін дауыс беруін ұйымдастыру бағытында қызмет атқаратын болады, ал сайлау процесін жалпы үйлестіруші негізгі орган болып табылатын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының (ТИК) құрамында жеті мүше жұмыс істейді, – деп хабарлайды Бөрлі ауданының әкімдігі.

Главный баннер --> after article