• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қабір басын жинауға болады ма?

Зират басында сенбілік ұйымдастыруға болады ма? Мазар басын кім жинайды? Осы сұрақтарға имам Бағдат Шақаев жауап берді.
Қабір басын жинауға болады ма?
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Өзге дін өкілдерінде мазар басын жинап, тазалайды. Қыстан шыққан қоқыстарды сұрыптап, түсі өңіп кеткен қоршауларды сырлап, жаңалайды. Осындай тазалық жұмыстары Асыл дініміз Исламда қалай ұйымдастырылады? Зират басын жинауға рұқсат береді ме? Көпті алаңдатқан сауалға «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Бағдат Шақаев жауап берді.

 –Муфтиятта жыл сайын тазалық бағытында бір күн белгіленеді. Жамағат көше тазалығына ат салысады. Мешіт тазалығы да бар. Кейін қабір басының тазалығына да тапсырмалар беріледі. Мешіт имамдары жамағат жинап,мешіт имамдары барып, жұмылып, зират басын жинайды. Мысалы, орыс халқында «Родительский день» деген болады. Өздері барып, сол жерді (зират-ред.автор) жинайды. Біздерде ондай жоқ болғанымен, имамдар ұйымдастырады. Әр қала, аудан мен ауылдық жерлерде имамдар жамағатқа айтады, барып жылда тазалап тұрады. Өйткені шөп өседі, біреулер қабір басында зират тұрғызады да, қапшық пен қоқыстарды тастап кетеді. Ол қоқыс желмен ұшып, басқа жерге барады. Біз сондай қоқысты жинап, тазалап тұрамыз,– дейді  Бағдат Шақаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысының "Ар-Рахман" мешітінің наиб имамы Бағдат Шақаев садақа дастарханына арналған мәзір мен талапты айтып берген еді. Ол қарызы бар марқұмның жаназасы шығарылады ма және зиратқа қандай талап қойылатыны бойынша сұрақтарға да жауап берді. Наиб имам тірі адамға қабір басынан жер алуға болады ма деген көпті толғандырып, қоғамда біраз талқыланған сауалға тіл қатты.