• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстандықтар 1 қазанға дейін мүлік салығын төлеуі тиіс

Батыс Қазақстан облысында 180 мыңнан астам мүлік салығын төлеуі керек.
Қазақстандықтар 1 қазанға дейін мүлік салығын төлеуі тиіс
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Бірінші қазанға дейін қазақстандықтар мүлік салығы бойынша бережағын төлеуі тиіс. Батыс Қазақстан облысында 180306 адам осы салықты төлейді. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Күні бүгінге 17605 мүлік иесі салықты төлемеген. Департамент таратқан ақпаратқа сүйенсек, жалпы биыл Батыс Қазақстан облысында мүлік салығынан 481,1 миллион теңге жиналуы керек. Қанша қаражат жиналғаны туралы ақпарат тек бірінші қазаннан кейін белгілі болмақ.

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тұрғындарға уақытылы мүлік салығын төлеуге шақырады. Салықты төлемеген жандар бережақты өсімпұлмен бірге төлейді.

Главный баннер
Главный баннер --> after article