• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда 20 бала әскерге аттанды

Қыркүйек айынан бастап күзгі әскерге шақыру науқаны басталды.
Оралда 20 бала әскерге аттанды
БҚО әкімдігінің фотосы

Биыл күзгі әскерге шақыру науқанында 600-ден астам батысқазақстандық Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оралда әскери сапына қабылданып, қасиетті борышын өтеуге аттанған бозбалаларды салтанатты түрде шығарып салды. Бірінші болып 20 бозбала аттанды. Олар Алматы қаласында орналасқан №5571 әскери бөлімінде бір жыл қызметте болмақ. Болашақ сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салды. Іс-шара Жеңіс алаңында ұйымдастырылды. Оларға қариялар батасын беріп, жаңа Конституцияның жинағын сыйлады.Бозбалаларға аймақ басшысы сәттілік тіледі.

Главный баннер

— Мемлекет басшысы, ҚР қарулы күштерінің бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс қабілетін күшейту жөніндегі тапсырмасы өңірде де жүйелі орындалып жатыр. Отан қорғау – еліміздің қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен тыныштығын күндіз-түні қас қақпай күзеткен, сондай-ақ қазір әскери борышын адал өтеп жатқан азаматтардың ғана емес, барша қазақстандықтың қастерлі борышы. Бұл тұжырым халық болып қабылдаған жаңа Конституциямызда да айқын көрініс тапты, – деді Нариман Төреғалиев.

Салтанатты іс-шара барысында қорғаныс министрлігі департаменті бастығының орынбасары Амангелді Тоғысов әскери тәртіп, әлеуметтік кепілдік және мерзімді әскери қызметшілерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

Главный баннер --> after article