2025 жылы Бөрлі ауданында 37 бозбала әскерге аттанған
Өткен жылы 64 ер адам Отан алдындағы борышын өтеуге аттаныпты.

Елдің тірегі-айбынды армия. Әрбір азамат Отан алдындағы борышын өтеуді міндет деп санайды. Ата заңда да елді қорғау үшін ер адамдарды әскерге шақырады.
Алайда соңғы жылдары әскердегі әлімжетіктің кесірінен өзіне қол салып, денсаулығына залал келтірген деректер көптеп тіркелуде. Бұл жайт көпті алаңдатып отыр. Осы үшін Қазақстан әскерін сынға алатындар көп. Бірақ бозбалалар Отан алдындағы қасиетті борышымды өтеймін деп аттанады.
Биыл Бөрлі ауданынан 37 азамат әскерге аттаныпты. Әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, жас сарбаздар Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі комитетіне қарасты шекара қызметінде және Қазақстан Республикасы қарулы күштеріне әскери борышын өтеуде.
Бөрлі ауданының мамандары:
— Ер азаматтардың Отан алдындағы борыштарын өтеу мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмысы барысында ауылдық округтердің әскерге шақырушылардың өздерімен және олардың ата-аналарымен сұхбат жүргізілді, — дейді.
Өткен жылы Бөрлі ауданынан 64 бозбала әскерге аттанды.