Атырау облысында 416 мыңнан астам адам референдумда дауыс беру құқығына ие. Бұл туралы Атырау облысының аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева мәлімдеді. Өңірде азаматтардың дауыс беруі үшін 276 учаске бар. Комиссия мүшелері 22 ақпаннан бастап жұмысқа кіріскен. Олар 27 ақпаннан бастап дауыс беру құқығы бар азаматтардың тізімін тексерген.

Облыс тұрғындары өздерінің дауыс беретін референдум учаскелерін бірнеше жолмен анықтай алады. Телеграм әлеуметтік желісіндегі арнайы ашылған «AtyrauReferendumBot» https://t.me/SailauAtyrauBot аккаунтын немесе облыс әкімдігінің atyrau.gov.kz https://www.gov.kz/?lang=kk ресми сайтының «Сайлау» парақшасындағы «РЕФЕРЕНДУМ 2026» бөліміндегі «Өзіңді дауыс беруші азаматтар тізімінен тексер!» сілтемесін пайдалана алады. Бұл жолдар арқылы әрбір азамат өз ЖСН-ін енгізіп, қай учаскеге тіркелгенін біле алады.

Сонымен қатар, азаматтар 109 бірыңғай анықтамалық қызметке хабарласып, Атырау қаласы мен аудан орталықтарында ашылған әкімдіктердің call-орталығына да жүгіну мүмкіндігіне ие. Атырау қаласындағы учаскенің нақты орналасқан жерін 2 ГИС электрондық анықтамасы арқылы табуға болады.

-Дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия сізге есептен шығару куәлігін береді. Бұл куәлікті сенімхат арқылы өкіл арқылы алу да мүмкін, нотариаттық куәландыру талап етілмейді. Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда оны қалпына келтіру немесе телнұсқасын алу мүмкін емес. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтінін ескеру маңызды. Дауыс беру күні өзіңіз болатын учаскеде есептен шығару куәлігін көрсету қажет. Учаскелік комиссия сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді, — деді Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева.

Референдум бойынша туындаған сұрақтарды мына call-орталықтар мен телеграм боттарға жолдауға болады.

Өзіңді дауыс беруші азаматтар тізімінен тексер!

Арнайы сайт - https://www.gov.kz/referendum

Телеграм бот – https://t.me/SailauAtyrauBot

CALL-орталықтардың жұмыс уақыты:

жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Атырау облысы – 109 оператор

Атырау қаласы:

📞 8 (7122) 320235

📞 8 (7122) 320233

Жылыой ауданы:

📞 8 (71237) 51554

Индер ауданы:

📞 8 (71234) 20385

Исатай ауданы:

📞 8 (71234) 20487

Құрманғазы ауданы:

📞 8 (71233) 21380

Қызылқоға ауданы:

📞 8 (71238) 21195

Мақат ауданы:

📞 8 (71239) 32341

Махамбет ауданы:

📞 8 (71236) 21242