2026 жылдың соңында зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдануға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы үкіметтегі брифингте «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, өтінім қабылдау 15 сәуірге дейін тоқтатылған. Алайда осы уақытқа дейін арнайы сайтты іске қосу мүмкін болмай отыр.

Ибрагимованың сөзінше, стоматологиялық қызметтерге зейнетақы қаражатын пайдалану үшін жаңа жеке платформа әзірленіп жатыр. Бірақ оны толық іске қосу жоспарланған мерзімнен кешігуі мүмкін.