24 қыркүйекте қазақ елі қара жамылды. Ақтауда оқу-жаттығу кезінде сарбаздар қаза тапты. Бейбіт күнде Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған сарбаздар Каспий теңізіне ағып кетті. Бейсенбі күні 12 марқұмның денесін табылды. Үш жауынгер аман қалды. Аман қалған сарбаздардың бірі Ақтауға ауруханада жатыр. Ол көзін ашты. Жауынгер ата-анасының жанында. Қорғаныс министрлігі 25 қыркүйекте жоғалып кеткен екі сарбаздың мәйітін табылды, деп хабарлады.
Ауыр қазаға байланысты 25 қыркүйекте президенттің өкімімен жалпыхалықтық аза тұту күні деп белгіленді. Ту тұғырдан түсті. Қалың ел бақи болған сарбаздарды еске алып, жауынгерлердің ата-анасы, бауырларына көңіл айтып жатыр.
Сарбаздардың өліміне байланысты арнайы комиссия құрылды. Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.
Ақтаудағы қазаға байланысты бас прокуратура қылмыстық іс қозғалды. Ведомство өкілдері 30 әскери қызметкерден жауап алғанын, барлық құжат, бейнематериалдардың тәркіленгенін хабарлады. Іске байланысты 12 сараптама тағайындалыпты.
Қаза тапқан сарбаздардың төртеуі Батыс Қазақстан облысынан әскерге шақырылған. Оқу-жаттығу барысында Каспийге ағып кеткен марқұмдардың бірі- Женис Темиргалиев. Ол Бөрлі ауданының тумасы, Ақсай қаласында өмір сүріпті. Қазталов ауданына қарасты Қараоба ауылының тумасы Ақжайық Гилаж да қаза тапты. Өмірбек Өмірзақ да отбасы қара жамылды. Марқұм Бөкей Ордасының тумасы екен. Ол Бәйтерек ауданына қарасты Володар ауылында тұрған. Жұма күні теңізден денесі табылған Мансур Гумаров Ақжайық ауданының тумасы екен.
Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілер мен сарбаздардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетіледі деп хабарлады. Қазақстан халық кеңесінің мүшелері, ірі кәсіпкерлер қара жағылған жанұяларға қаражат бөліп жатыр.
- Во время учений в Мангистау погибли 9 военных: ведутся поиски остальных
- Гибель военных на Каспии: возбуждено уголовное дело
- Президент Токаев выразил соболезнования в связи с гибелью военнослужащих в Мангистауской области
- Трагедия на учениях в Мангистау: установлены подозреваемые
- 25 сентября объявили днем траура в Казахстане
- ЧП на учениях в Мангистау: трое погибших - уроженцы ЗКО
- В Казахстане наступил день общенационального траура
- Из каких районов были призваны погибшие солдаты из ЗКО
- Поиски завершены: обнаружены тела двух пропавших на Каспии военнослужащих