Елімізде айт намазының кестесі белгілі болды. 27 мамырда күллі мұсылман Құрбан айт мерекесін тойлайды. Батыс Қазақстан облысында айт намазы таңғы сағат 6.30-да оқылады.Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді. Бұдан бөлек, Атырау, Ақтөбе мен Ақтауда да бір уақытта таңғы сағат 6.30-да оқылмақ.

Құрбан айт—мұсылмандар үшін қасиетті мереке. Бұл күні Алланың разылығы үшін айт намазынан соң құрбан шалады. Құрбандыққа алты айға немесе бір жас жасқа толған қой-ешкі, сиыр мен түйені союға болады. Ауру, арық малды құрбандыққа шалуға болмайды.
Биыл Батыс Қазақстан облысында 14 құрбан шалатын орын белгіленді. Оралда олардың саны үшеу. Олар «Ел ырысы» базары, «Кублей» ЖШС және «Батыс Адал ет» ЖШС аумағында орналасқан.