28 апреля в 13:50

Бөрлі ауданында мониторингтік топтың көшпелі жиыны өтті

Бөрлі ауданының орталығында кәмелетке толмағадармен жұмыс істейтін мекемелердің қызметкерлері бас қосты.

Бөрлі ауданының орталығында кәмелетке толмағадармен жұмыс істейтін мекемелердің қызметкерлері бас қосты.
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Бөрлі ауданында балаларға қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық мониторингтік топтың көшпелі отырысы өтті. 

Мониторингтік топтың құрамында  Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері: облыстық білім беру басқармасының бас маманы Фарида Сулейменова, облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы директорының міндетін атқарушы Назгүл Қуаншалиева, облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Ақтоты Көшкінова бар. 

Олар жұмыс барысында Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясымен атқарылған жұмыстары мен құжаттарын тексерді. Кейін Ақсай қаласында орналасқан № 3 және № 5 мектептің жұмысымен танысты. Кездесу барысында мониторингтік топ мүшелері аудандық комиссия, полиция қызметкерлері, педагогтармен, психологтармен, әлеуметтік қызметкерлермен тілдесіп, пікір алмасты.
Сонымен  қатар, 25 сәуір күні Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Тукжановтың төрағалығымен «Суицидтік мінез - құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудың және олармен әрі қарай жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмін, сондай-ақ суицидке әрекет жасаған балаға көмек көрсетудің іс-әрекет алгоритмін» түсіндіру бойынша отырыс өтті.

Отырысқа аудандық білім беру, полиция бөлімдерінің басшылары,жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, аудандық аурухана дәрігері, «Ашық көмек» қоғамдық қорының директоры және білім беру ұйымдарының психолог мамандары қатысты. Батыс Қазақстан облысы облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының әдіскер-координаторы Усербаева аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім, жыныстық қолсұғушылықпен зорлық-зомбылыққа, буллингке ұшыраған жасөспірімдерді анықтау жолдары мен олармен жұмыс жасау алгоритмі туралы баяндама жасады. 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp