Ақтауда зертханаға заңсыз сертификат берген орталыққа айыппұл салынды
Ақтауда зертханаға заңсыз сертификат берген орталыққа 2,3 млн теңге айыппұл салынды.

Маңғыстау облысының орталығында зертханаға заңсыз сертификат берген орталық 2,3 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалына 2 359 200 теңге айыппұл салды.
Сонымен қатар «Физика-Химиялық-09» өлшеу бойынша аккредиттеу аттестаты алты айға тоқтатылды. Жоспардан тыс тексеру барысында зертхана аккредиттеу аймағынан тыс күкірт диоксидін (SO2) өлшеу сертификаттарын заңсыз бергені анықталды.
Қазіргі таңда айыппұлдың үштен бірі төленіпті. Материалдар аккредиттеу жөніндегі ұлттық орталыққа жіберіліпті, заңсыз берілген сертификаттардың күші жойылды.
Фото: pixabay.com