Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Ерлікке тағзым
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласында орналасқан «Жеңіс» алаңына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Тағылымды шараға еңбек ардагерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен жастар қатысты. Жиналған қауым от пен оқтың ортасында Отан үшін жанын шүберекке түйіп, ерлік көрсеткен батырларды үнсіз еске алып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Гүл қою рәсімінен соң, облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласында тұратын соғыс және тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Әкім соғыс ардагерлері – Вениамин Скаленко мен Иван Гапичке мерейтойлық медаль мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын табыс етті. Сонымен қатар, өңір басшысы тыл ардагері Ақбай Жайсаңға да құрмет көрсетіп, Жеңіс күнімен және туған күнімен құттықтады.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының тоғыз ардагері бар. Олар – бейбіт өмір мен Тәуелсіздіктің жарқын таңы үшін жан аямай күрескен ерлер. Ер есімі – ел есінде!
В Уральске отметили День Победы
Подвиг без границ: как казахстанцы сражались за освобождение Франции
В Астане состоялся праздничный концерт, посвящённый Дню Победы