• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралдық дәрігер Клара Бекматова төсбелгімен марапатталды

17 жылдық тәжірибесі бар дәрігер денсаулық сақтау саласының үздігі атанды.
Оралдық дәрігер Клара Бекматова төсбелгімен марапатталды
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының фотосы

Оралдық дәрігер Клара Бекматова «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Тәжірибелі дәрігерді министр Ақмарал Әлназарова марапаттады.

Клара Наурызқызы – 17 жылдық тәжірибесі маман. Ол еңбек жолын 2008 жылы Тасқала аудандық ауруханасында педиатр дәрігері болып бастаған. Әр жылдары қала емханаларында, облыстық көпбейінді балалар ауруханасында еңбек етіпті. Қазіргі таңда №6 емханада директордың балалар және босандыру жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.

Главный баннер --> after article