• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда 10 млннан астам әйел адам өмір сүреді

Әйел адамдардың дені білім, денсаулық сақтау, сауда-саттықта жұмыс істейді.
Қазақстанда 10 млннан астам әйел адам өмір сүреді
Cурет "ЖИ" көмегімен жасалды

Қазақстанда 10 488 074 әйел адам өмір сүреді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Нәзік жандылардың басым көпшілігі білім беру, денсаулық сақтау және сауда-саттық саласында еңбектенеді.

Жұмыс істейтін әйелдердің арасында 35-44 жас аралығындағылар саны 1,3 миллионды құрапты.

Қазақстанда ең көп әйел адам Алматыда тұрады. Олардың саны 1,2 миллион адамды құрайды. Түркістанда бір миллион, елордада 803 мың нәзік жанды бар екен.

Статист мамандар әйел адамдардың жас ерекшелігі бойынша есептеу жүргізіпті. Зерттеуге сәйкес олардың саны 0-15 жасқа дейін 29,1%, 16-60 жас – 55,5%, 61 жастан жоғары – 15,4% құрапты.