Интернет алаяқтары азаматтарды алдап-арбаудың жаңа айласын тапқан. Сақтық шараларын Ұлттық банк қызметкерлері еске салды. Алаяқтар ғаламтордағы ашық дереккөздерге сүйеніп, сіздің атыңыздан екінші деңгейлі банктерге хабарласып, карточканың жоғалғанын айтып, оны бұғаттауды сұрайды екен. Бұғатталған картаны қайта ашамыз деген сылтаумен қарапайым адамдарға алаяқтар банктің қауіпсіздік қызметінің маманы болып қоңырау шалады. Осылайша алаяқтар адамдардың банк есепшоттары, карточканың нөмірі, құпия сөзді біліп алуға тырысады.
Ұлттық банк қызметкерлері қазақстандықтарға сақ болуға шақырады. Банк қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалып, құпия сөзді айтуға үгіттемейтінін еске салады. Егер алаяқтарға алдансаңыз дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керек. Сұрақтарыңызды 1477 нөміріне қоңырау шалуға болады.