• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбе облысында жедел жәрдем қызметіне хабарласқан тұрғынға бейәдеп сөздер қолданған фельдшер әкімшілік айыппұл арқалады

Медицина қызметкері 129 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі керек.
Ақтөбе облысында жедел жәрдем қызметіне хабарласқан тұрғынға бейәдеп сөздер қолданған фельдшер әкімшілік айыппұл арқалады
Фото "МГ" ақпарат агенттігінің мұрағатынан

Ақтөбе облысында белі ауырып, балтыры сыздаған тұрғын 103-ке хабарласып, жедел жәрдем шақырмақшы болыпты. Алайда медициналық қызметті шақыртқан адамға қоңырау қабылдап отырған фельдшер бейәдеп сөздер айтып, қызметін асыра пайдаланған. Бұл туралы Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сотта медицина қызметкері істеген ісіне өкініп, ренжіткен адамынан кешіріп сұрапты. Судья қаулы қабылдар кезде айыптының кәмелет жасына толмаған балаларының барын ескерген. Заң бұзған медицина қызметкері соттың қаулысымен 129 750 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Главный баннер --> after article