• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Азия чемпионатында батысқазақстандық спортшылар бас жүлдені қанжығалады

Батысқазақстандық спортшылар тоғызқұмалақтан өткен сайыста Азия чемпионы атанды.
Азия чемпионатында батысқазақстандық спортшылар бас жүлдені қанжығалады

Батысқазақстандық спортшылар тоғызқұмалақтан Азия чемпионы атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. Азия ойындары Алматы қаласында 17-23 қараша аралығында өтті. Жарыс жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында ұйымдастырылды.

VII Азия чемпионатында батысқазақстандық спортшылар бас жүлде мен күміс, қола медальге ие болды. Сайыстың қорытындысы бойынша:

Рапид сайысында Самира Оразмұхамбет (U-19) – алтын жүлде, Мөлдір Батуллина (U-14) – алтын медаль қанжығалады.

Блиц жарысында Назерке Мұғал (U-14) – күміс жүлде, Жарасхан Сағынбаев (ерлер) – қола жүлде иеленді.

Классика сайысында Дархан Ануарбеков екінші орынға тұрақтады.