Бөрлі ауданында 5025 бизнес субьектісі тіркелген
Кәсіпкерлердің 56,4 пайызы-әйелдер.

Бөрлі ауданында 5025 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Оның 4737 ісін жүргізіп, кәсібін дөңгелетуде Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады. Әкімдіктің таратқан ақпарына сүйенсек, жауапкершілігі шектеулі серіктестер-764, жеке кәсіпкерлердің саны — 3483 құрайды. Сондай-ақ 487 шаруа қожалықтары да жұмыс істейді.
Бөрлі ауданында кәсібін бастаған жандардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы саласын таңдайды екен. Қазіргі таңда ауданда КПО.б.в компаниясының мұрындық болуымен «БатысАгрохаб» жобасы іске асып жатыр. Биыл ауылдық жерде он жылыжай салыныпты. Бұдан өзге «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ауылдық жерлерде өңдеу, өндіру саласын дамыту мақсатында жобалар қолға алыныпты.
Ауданда кәсіпкерлердің 56,4 пайызы әйел адамдар екен. Аудан билігі өз кәсібін ашамын деген жандарға мемлекет тарапынан қолдаудың мол екенін айтады. Кәсіпкерлер жеңілдетілген несиелерге иек арта алады. Бизнес ашып, дамытамын дегендер «Ауыл аманаты», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту»қорының қолдайды.
Әлеуметтік осал топтарға арналған қайтарымсыз гранттар бар. Грант сомасы 1,5 миллион теңгені құрайды.«Әлеуметтік кәсіпкер» деген статусы бар бизнес субьектілеріне арналған грант бар. Демеу қаржы бес миллион теңгені құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Бөрлі ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 43 жаңа кәсіп ашылған еді.
- Бөрлі ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында 43 жаңа кәсіп ашылды
- Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін 4 млрд теңге бөлінді