2026 жылы Батыс Қазақстан облысында 350 адамға қайтарымсыз грант берілмек. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайтарымсыз грант атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, асыраушысынан айырылғандарға, көпбалалы немесе дамуында ерекшелігі балаларды тәрбиелеп отырған жанұяларға, мүгедектігі бар адамдарға, жұмыссыздарға және кәсіп бастағанына үш жылдан аса қоймағандарға беріледі.
– Былтыр облыста 402 азамат қайтарымсыз қаржыға ие болды. Оның басым бөлігі мал, құс және жылыжай шаруашылығын қолға алған. Сондай-ақ тағам өндірісі мен қызмет көрсету салалары бойынша да тың жобалар жүзеге асырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған қолдау шаралары тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік береді, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қайтарымсыз грантқа ие болу үшін құжаттарды business.enbek.kz порталы арқылы онлайн режимде тапсыру қажет. Құжат қабылдау жаз айларында басталмақ.