Бөрлі ауданында жұмыс берушілермен кездесу өтті
«Еңбек күні» мерекесіне орай Бөрлі ауданының әкімдігінде 41 жұмыс берушімен кездесу өтті.

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Сонымен қатар, жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Бұл күнді өткізудің басты мақсаты – қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелеріне назар аудару, олардың әлеуметтік қорғалуын және еңбек қауіпсіздігін арттыру болып табылады.
«Еңбек күні» мерекесіне орай Бөрлі ауданының әкімдігінде 41 жұмыс берушімен кездесу өтті.
Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қарастырылды:
1. КПО компаниясында Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті мен көшбасшылық бағдарламасын енгізу нәтижелері туралы.
2. Жұмысшылардың әлеуметтік қорғауы мен еңбек қауіпсіздігі. АО «Аксайгазсервис» кәсіпорнындағы кәсіподақ ұйымының қызметі.
3. Жұмыс берушілердің өндірістік жарақаттардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері.
4. Жыл сайынғы республикалық «Парыз» және «Еңбек жолы» әлеуметтік жауапкершілік конкурсына дайындық.
5. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: Еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтары біздің қоғамда әрдайым алдыңғы орында болуы керек», – деп атап өтті.
Осы Жолдауда айтылған «Жауапты азамат – Адал еңбек – Лайықты табыс» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау мақсатында республикалық «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығы «ҚР үздік еңбек адамы», «ҚР үздік ұжым басшысы» номинациялары бойынша конкурс ұйымдастырды.
Аталған конкурсқа Бөрлі ауданынан 40 адам қатысты. Оның ішінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 1, КПО – 39 қызметкер. Олардың 17-сі осы номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.
Байқау қатысушыларға «ҚР үздік ұжым басшысы» төсбелгі, «ҚР үздік ұжым басшысы» статуэткасы, Куәлік және Құрмет грамотасы табысталды.