Батыс Қазақстан облысында дүкен тонаған адам ұсталды. Оқиға Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында тіркелген. Тәртіп сақшыларының таратқан ақпарына сүйенсек, күдікті сатушыны пышақпен қорқытып, сөренің үстіне секіріп өтіп, ақша темекі өнімін қолды қылыпты.

– Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» дүкенде тонау жасаған ер адамды ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1989 жылы туған, бұрын сотталған ер адам анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде,– деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда дүкен тонаған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 191 бабы бойынша іс қозғалған.