08 октября в 14:24

Оралда Bereke fest науқанына 8 дүкен желісі қатысуда

Bereke fest науқаны аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы сәл-пәл арзандау қақта саудаланып жатыр.

Оралда Bereke fest науқанына 8 дүкен желісі қатысуда
Автордың фотосы

Қыркүйектің 25 мен қазанның 31 аралығында ел аумағында Bereke fest науқаны ұйымдастырылады. Науқан барысында әлеуметтік маңызы бар тауарлар арзан бағаға саудаланбақ. Орал қаласында бұл науқанға сегіз сауда желісі қатысуда. Олар -"Пешеход", "Алтындар" , "Пайда" "Анвар", "Дина", "Социальный", "Назэль"  мен "Манго" дүкені. Науқан Республика күніне орай ұйымдастырылған. Науқан барысында әлеуметтік маңызы бар тауарларға 5-10 пайыздан артық ақы қосылмайды. 

Елімізде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын сатып алу құнынан 15 пайыздан артық саудалауға тыйым салынған. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізіміне қант - түйіршіктелген, шекер, бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (формалы), рожкилер (таразыға тартылғаны), қарақұмық жармасы (таразыға тартылғаны), ұнтақталған күріш (дөңгелек дәнді, таразыға тартылған), картоп, сәбіз,пияз, қырыққабат, күнбағыс майы, тауық еті (оған іргелес целлюлозасы бар жамбас және жілік сүйегі), сиыр еті (төс бөлігі), жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% сүт, жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% айран, сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5% кем емес, өсімдік майлары), тауық жұмыртқасы (I санат), ас тұзы, сүзбе: 5 – 9% енеді.

Облыс орталығында орналасқан супермаркет желілерінің меңгерушілері науқан аясында бағасы арзандаған қант, қарақұмық, күріш пен тұздың саудасы қызғанын хабарлады.  Дүкенде кемі бір қап қантты тұтынушылар сатып алып жатырған көрінеді.

—   Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен ел аумағында Bereke fest республикалық акция іске қосылды. Науқан бірінші кезекте қажет өнімдердің бағасын тұрақтандыруға, қазақстандық өндіршілерді қолдау мен Отандық өнімді тұтынуды ынталандыруға арналған. Акцияның мақсаты- қазақстандық тауарларға бағаны төмендету есебінен тұтынушыларға баға жүктемесін азайту, өндірушілер мен сауда желілері арасында байланысты нығайту, қазақстандық өндірістің оң имиджін қалыптастырып, тұтынатын жергілікті азық-түлік өнімдерін көбейту. Науқанға қатысатын сауда желілерінде Bereke fest атты баннері мен әлеуметтік маңызы бар тауарларға арнайы рәсімделген кеңістіктер ұйымдастырылады, —  дейді Батыс Қазақстан облысы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Киматова.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp