Жетінші қаңтарда провослав христиандары Рождество мерекесін тойлайды. Діни мерекенің провославтар үшін мән-маңызы зор. Бұл күні Иса пайғамбар дүниеге келген. Исиус адамзатты құтқару үшін дүние есігін ашыпты.
Қазақстандық православ христиандарын мемлекет басшысы құттықтады. Президент мерекенің маңызына тоқталды.
- Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді. Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады. Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді. Православ азаматтарға және барша халқымызға шын жүректен зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр үй құт-берекеге толсын!,-деп құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев.