Қазанның 1-інен бастап облыста тұмауға қарсы екпе егу шарасы басталды. Өңірдің 45 мың тұрғыны тегін ем ала алады. Қажетті дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықты алуға 39,5 млн теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлім етті. vakcina Салқын тию мен тұмаудың эпидемиологиялық кезеңі қазан айынан басталады. Жұқпалы дертке қарсы екпе егу шарасы да осы уақытты қамтиды. Өңірдегі емханаларда жабдықталған арнайы бөлмелерден қажетті ем алуға болады. Тегін вакцина бірінші кезекте 1 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге, қарттар мен дипансерлерде ем қабылдайтын жандарға беріледі. Жыл сайын жедел респераторлық вирустық инфекциясы мен тұмауға мониторинг жүргізіледі. - Егер былтырғы эпидемиологиялық кезеңмен қазіргіні салыстырсақ, бүгінгі таңда жедел респераторлық вирустық инфекциясы 1,2 есеге төмендеген. Ал былтырғы эпидемиологиялық кезеңде тұмау ауруының 93 түрі анықталды. Оның ішінде тек қана егілмеген адамдар сырқаттанған. Сондықтан да вакцинация жүргізу, ең бірінші алдын алу шарасының бастысы болып қала бермек, - дейді тұмаудан сақтандырған маман, Батыс-Қазақстан облысының тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы басшысының орынбасары АЛТЫН ОРЫНҒАЛИЕВА. Жұқпалы дерттің алдын алудың жалғыз жолы – вакцинация болып қалып отыр. Бұл іс нәтижесіз де емес. Жыл сайын сырқаттардың саны азайып келеді. Ал егер екпе алмаған жайғдайда дәрігер-мамандар сақтық шараларын жасап, мынандай тәсілдерді қолдануға кеңес береді. - Үйдегі желдеткіш, терезелерді ашып, үнемі ауаны тазартып отыру керек. Бұдан басқа үнемі еденді сабынмен жуып, санитарлық-тазалық шараларын қатаң сақтаған жөн. Ата-аналар бір мәрте қолданатын масқа, яғни бетперделерді алып қою керек. Аурыған кезде соны қолданған дұрыс, - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы АЙНАШ ҒУБАЙДУЛЛИНА Аурудың алғашқы белгілері біліне бастаған сәттен-ақ дәрігерге қаралу керек. Өз бетімен емделу зиян дейді мамандар. Өйткені дертті асқындырып алуыңыз мүмкін. Айта кетейік, биыл қажетті дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықты алуға 39,5 млн теңге бөлінген.  
Арман Курманалиев