Если нет, нажмите «Выбрать город» и задайте местоположение ниже.
Загрузка...
—
—
—
—
Меню
Қазақстан табиғаты ресейліктер көзімен
«Қазақстан табиғаты ресейліктер көзімен». Оралда осындай атаумен ерекше фотокөрме ашылды. Ерекшелігі сол – фотосуреттердің дені кәсіби маманның емес, биолог, эколог ғалымдардың қолынан шыққан дүниелер. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Мәдениет пен өнер саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында өткізілген көрмеге келушілер де көп болды.
Маңғыстаудың қатпарлы жұмбақ таулары. Қызыл шапақ таңның атуы мен күннің батуы. Түрлі тіршілік иелерінің өмір үшін күресі. Бұл ресейліктірдің көзімен көрілген Батыс Қазақстан аймағының табиғаты. Суреттердің шынайылығы соншалық, дала тынысы мен құстың қанат сусылы естілетіндей. «Неліктен біздің ел таңдалды» деген сауалға көршілес елдің биолог-фотографы «оның тұмса табиғаты тамсандырды» дейді.
- Қазақстан табиғаты – бірегей. Адам аяғы баспаған тылсым жерлері көп. Мәселен, мұнда жан-жануарлар мен құстар, Ресеймен салыстырғанда, адам қолымен бұзылмаған әу бастағы табиғи ортада өмір сүреді. Әлемде сирек кездесетін жәндіктер мен жан-жанураларды кездестіруге болады. Тіпті, тұқымы құрып кетті деп жүрген кейбір тіршілік иелерін де суретке түсірудің сәті түсті. Бұл ғылым үшін үлкен жаңалық, - дейді әуесқой фотосуретші, Самара зоопаркі директорының орынбасары Александр КУЗОВЕНКО.
Александр өзін кәсіби емес, әуесқой фотографпын дейді. Бұл көрмеге оның 50 шақты суреті қойылған. Ұрымтал сәтті пайдаланып, ұтымды кадр түсіру үшін қыруар уақыт кетеді дейді ол. Ең бастысы, табиғаттың қайталанбайтын сәтін қолдан жіберіп алмау екенін айтады.
- Көп уақыт жұмсаған суреттерім өзіме ыстық. Негізі бір жәндік не жануарға 1 сағат уақыт кетеді. Бірақ егер олар үркіп кетпесін деп, жасырынып түсірсең, бір тәулікке дейін күтіп отырасың. Кейде жабайы жануарлар саған үйреніп, қасыңа жақындайды.
Бұл көрме арқылы ұймыдастырушылар табиғаттың көркемдігін, ғажаптығын көрсетумен қатар, оны көздің қарашығындай қорғау керек екенін де меңзейді. Екі ел арасындағы экспедиция 2010 жылдан басталған екен. Жорық мүшелері Тасқала ауданындағы киіктер өсіретін тәлімбаққа да ат ізін салған. Ғалымдар көрменің көркемдік қана емес, ғылыми құндылығы да жоғары екенін айтады.
Көрмеге ресейлік биологтармен қатар, қазақстандық фотографтардың да туындылары қойылған. Оны тамашалаған мектеп оқушылары мен студенттер суреттерден алған әсеріміз мол дейді.
Байтақ еліміздің беймәлім беттерін ашқан көрме бір ай бойына жалғасады.
Арман Курманалиев
Если вы стали очевидцем какого-то происшествия или вам есть о чем сообщить,
то наш мессенджер всегда открыт для вас!