Оралда өткен дүбірлі аламан бәйгенің жеңімпаздары анықталды. Топ жарыста 11 жасар Ислам Рахметтола жеңіске жетті. Ол бір миллион теңгені тақымына басты. Жасөспірім Жәнібек ауданының орталығында алтыншы сыныпта оқиды.

Жас шабандоз он жасынан бастап бәйгеге қатысып келеді. Күні бүгінге дейін 11 бәйгенің бас жүлдесін иеленген. Жеңімпаз жарыс барысында бапкерінің ақылын естен шығармай, оның айтқандарын айна қатесіз орындапты.

Соңғы айналымға шыққанда жеңіске жететінін білген. Ол шешуші сәтте барын салды. Ислам жеңісін ата-анасы мен бапкеріне арнады.

Естеріңізге сала кетейік, екінші мамырда облыс орталығында аламан бәйге өтті. Сайыс «Ақжайық» шағын ауданында орналасқан атшабарда ұйымдастырылды. Бәйге «Бабалар ізімен» жарысының облыстық лигасы аясында өтті.

Оралдағы аламан: 1 миллион теңге кімге бұйырады?