Оралда екінші мамырда бәйге өтпек. Бұл туралы Орал қаласы спорт және дене шынықтыру бөлімі хабарлады. Сала мамандары қала тұрғындары мен қонақтарын "Бабалар ізімен" жарысының облыстық лигасының ақтық мәресін тамашалауға шақырады.

Ұйымдастырушылар бәйгенің жүлде қорын жариялады.

Құнан бәйгесінде топ жарған шабандозға 500 мың теңге бұйырмақ. Екінші орынға 300 мың, үштікті түйіндеген спортшы 200 мың теңге ұтып алады.

Ал топ жарыста жеңіске жеткен шабандоз 1 миллион теңге ұтып алады. Екінші орынға 700 мың теңге, үшінші 500 мың теңге сыйақы беріледі.

Жарыс екінші мамыр, Орал қаласы, Зачаган кенті, “Ақжайық” атшабар алаңында өтеді. Бәйге сағат 10.00-де басталады.