2024 жылы БҚО-да 11 бала терезеден құлады
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жазғы мезгілде балаларды терезеден құлауы үшін сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Жазғы мезгілінде балалар терезеден құлап, биіктіктен түрлі дене жарақатын алады. Өткен жылы облыста 11 бала терезеден құлапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұралы Мусиев хабарлады. Оқиғалардың оны облыс орталығында тіркелсе, біреуі Сырым ауданында болған.
2022 жылы сегіз жағдай, ал өткен қоян жылында жеті бүлдіршін биіктен құлаған. Құтқарушылар балалардың терезе мен балконнан құлауы көбінесе таңғы сегізден кешкі сегіз аралығында жиі тіркелетінін хабарлады. Сондай-ақ төрт жастан бастап, жеті жас аралығындағы сәбилер жиі құлайды екен.
Сала мамандары балаларды көзден таса қылмауға шақырады. Бүлдіршіндері бар жанұяларға терезелерге арнайы құрылғыларды орнатуға кеңес береді. Биыл облыста 194 терезені бұғаттайтын құрылғы орнатылыпты.