Астанада құны 2,3 миллиард теңге тұратын пәтерлерді бөгде адамдарға сатпақ болғандардың жолы кесілді. Бұл туралы қаржылық мониторинг агентігі хабарлады. Баспана әлеуметтік осал санаттағы жандарға арналған.

Агенттік бас прокуратура мен сот әкімшілігімен бірлесіп көпбалалы отбасыларға, жетім балалар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша тергеу бастапты.

2014-2016 жылдары Баймұманов «Төленді» тұрғын үй-құрылыс коперативін басқара отырып, пайшылардың ақшасын жымқырудың ауқымды схемасын ұйымдастырғаны үшін сегіз жылға сотталған. Кейін пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы Астана қаласының әкімдігі тарапынан аяқтапты.

– Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін А.Байжұманов жаңа заңсыз схема әзірлеген. Бұл схема «өткен күнмен рәсімделген» жалған құжаттарды пайдалану арқылы пәтерлерді заңсыз иемденуге бағытталған, - деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Нәтижесінде 80-нен астам «жалған үлескер» жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған. Пәтерлерді өтеусіз алғаннан кейін Байжұманов пен оның сыбайластары оларды үшінші тұлғаларға сатуды жоспарлаған. Осылайша жалпы құны 2,3 миллиард теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекетінің жолы кесілді.

Күдіктілер қамалған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.