• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде бұрынғы жұбайын аңдыған сталкер ұсталды

Ақтөбе облысында сталкингтің 6 фактісі тіркелген.
Ақтөбеде бұрынғы жұбайын аңдыған сталкер ұсталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбеде бұрынғы жұбайын аңдып, қудалаған ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлайды. Күдіктіге сталкинг бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Ол 29 жастағы бұрынғы әйелін мазалап, қудалады деген айып тағылған.

- Учаскеліп полиция инспекторлары ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күні бүгінге дейін Ақтөбе облысында сталкингтің алты фактісі тіркеліпті. Оның біреуі сотқа жолданған.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 16 шілдесінде президент Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге қол қойып, «Сталкинг» бабы қолданысқа енген еді. Енді адамның ыхтиярынсыз, оның еркіне қол сұққандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Главный баннер --> after article