Қазақстанда 17 адамнан кене энцефалиті анықталды

Бұл өткен жылғы дерекпен салыстырғанда 11 жағдайға көп.

Қазақстанда 17 адамнан кене энцефалиті анықталды
Сурет “ЖИ” көмегімен жасалды

Қазақстанда кене шаққан жандардың саны көп деп денсаулық сақтау министрлігі дабыл қағуда. Биыл 17 адамнан  кене энцефалиті анықталған. Министрлік бұл өткен жылғы дерекпен салыстырғанда 11 жағдайға көп екенін мәлімдеді. Сырқатқа шалдыққандардың ең көбі Солтүстік Қазақстанда тіркеліпті. Солтүстікте алты адамнан індет анықталыпты. 

Тіпті бұрын эндемиялық деп есептелмеген аумақта да анықталған. Бұл климаттың өзгеруіне және ыстықтың ерте басталуынан байланысты иксод кененің таралу аумағының көбеюімен байланысты. Бұдан өзге Ақмола облысында төрт адам зардап шеккен. Ал, Шығыс Қазақстанда үш тұрғын, Алматы облысында екі адам, Павлодар мен Алматы шаһарында инфекцияны жұқтырған бір дерек тіркеліпті. 

Министрліктің таратқан ақпарына сүйенсек, биылғы жылдың алты айында 8840 адам кене шағып, дәрігердің көмегіне жүгінген. Оның 3000-нан астамы 14 жасқа толмаған бала екен. Зардап шеккендердің 88 пайызы иммуноглобулинмен шұғыл профилактика алыпты. Санитариялық-эпидемиялогиялық қызмет кенеге қарсы өңдеудің көктемгі турын өткізіпті. 

Дәрігерлер табиғат аясында серуендеген кезде ұстануы керек ережені еске салады. 

  • Дененің және киімнің ашық жерлерін өңдеу үшін репелленттерді қолданыңыз; 
  • Жабық киім киіңіз: ұзын жеңді жейделер, шалбарды шұлыққа салыңыз, басыңызға орамал байлаңыз немесе капишон киіңіз; 
  • Киім мен денені үнемі тексеріп отырыңыз; 
  • Егер кене табылса, дереу медициналық ұйымға хабарласыңыз; 
  • Өз бетінше кенені алып тастаған кезде абай болыңыз. Кенені бірден тартпаңыз, тұмсығын жұлып алғанда-онытікен сияқты алып тастаңыз, шаққан жерді йодпен өңдеңіз, қолдыңызды мұқият жуыңыз.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp