Қазақстанда әлем рекорды орнады
Қазақтың бас киімі әлемдегі ең үлкен кимешек ретінде тіркелді.

Қазақстанда жаңа әлем рекорды орнатылды. GLOBAL BOOK of RECORDS/GBR (ДҮНИЕЖҮЗІЛІК РЕКОРДТАР КІТАБІ) кітабі қазақтың бас киімін әлемдегі ең үлкен кимешек деп тіркеді. Сүйінші жаңалықты GLOBAL BOOK of RECORDS/GBR халықаралық рекордттар кітабінің Азия және Африка дивизионы бойынша бас тіркеу офицері Қуандық Құдайбергенов өкілі хабарлады.
Ресми өкілдің сөзіне сенсек, мұндай рекорд елімізде тұңғыш рет орнатылған. Павлодардың ісмерлері алып киімді Ертіс өзенінің жағалауына орнатыпты. «Алып кимешек» жобасының авторы, дизайнер Гүлайым Акумбаева.
Алып кимешекті әйел адам киіп тұрғандай инсталляцияға бекіткен. Оның биіктігі төрт метрді құрайды екен. Кимешек 30 метрға жуық ақ матадан тігілген. Кимешектің ұзындығы үш метр, 79,5 сантиметр, ені екі метр, 40 сантиметрді құрайды. Бас киімнің ерекшелігі 2025 дана маржан моншақтармен, 55 күміс мен 80 темір теңгемен әшекелейген.
— Қараша айының соңында халықаралық рекордтар кітабы шығады. Соның презентациясы болады. Сол кезде барлығымыз куәгері боламыз. Қазақтың ұлттық киімі, кимешек ерекше этнорекордтар қатарында, әлем рекордтар қатарына кіріп отыр, - Қуандық Құдайбергенов.
Павлодар қаласының «Қазақ аналары» және дизайнер Гүлайым Акумбаева алып кимешекті әлемдік рекордтар кітабына ену туралы ұсынысын жолдапты. Рекордтар кітабының мамандары бұл ұсынысты Дели мен Дубайда қызу талқылаған көрінеді. Кимешек этнорекорд санатында топ жарды.
Қуандық Құдайбергеновтың хабарлауы бойынша Қазақстанда алтыншы шілдеде Алматы қаласында құрақ көрпеден әлемдік рекорд орнату бойынша өтініш келіп түскен. Әлемдік рекорд «Медеу» мұз айдынында болмақ. 700-ге жуық қолөнерші ою-өрнекпен көмкерілген ерекше көрпелерді тарту қылмақ. Көрпенің аумағы алты мың шаршы метрді құрамақ. Ісмерлер 700 құрақ көрпе дайындайды. Әрбір көрпе бір матадан, белгілі бір түсте және біркелкі оюмен басылуы керек.
Ал, сәуір айында Орал қаласында арқан тартыстан Қазақстан рекорды орнатылған еді.