Биыл 177 мың түлек жоғарғы оқу орындарын аяқтайды

Биыл 48 мыңнан астам студент педагогика мамандығын аяқтайды.

Биыл 48 мыңнан астам студент педагогика мамандығын аяқтайды.
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанда 2025 жылы 177 мыңнан астам түлек жоғарғы  оқу орындарын аяқтайды. Бұл туралы ғылым және жоғарғы білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлімдеді. Министрдің орынбасары үкімет отырысында жоғарғы білім беру жүйесінің жағдайына баяндалды. Қазіргі таңда ел аумағында 122 университет бар. 

Биылғы оқу жылында жоғарғы білім беретін мекемелерде 680 мыңнан астам студент білім алыпты. Оның 624 мыңнан астамы бакалавриатта, 39,2 мыңы магистратурада 39,2 мыңы магистратурада, 7,6 мыңы докторантурада және 8,9 мыңы резидентурада оқиды.

Биыл Қазақстанда 48 мың 400 түлек педагогика, 24,6 мың адам бизнес, басқару және құқық мамандығын тәмамдайды. Ал, 24,3 мың студент ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, денсаулық сақтау саласында 10 мыңнан астам шәкірт, ауыл шаруашылығында 1,8 мың студент аяқтайды.

Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің таратқан ақпарына сүйенсек, елімізде 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алуда. Азия мемлекеттерінен келген шәкірттердің саны 17 456 құрайды. Ал, тәуелсіз елдер достастығы елдерінен 12 мың студент оқиды.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp