• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да алимент қарызы 3 млрд теңгеден асты

Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген 21 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
БҚО-да алимент қарызы 3 млрд теңгеден асты
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында баласына алимент төлемей жүрген жандардың қарызы үш миллиард теңгеден асып жығылады. Бұл туралы облыстық прокуратура қызметкерлері хабарлады.

Прокурорлар таратқан ақпаратқа сүйенсек, өңірде перзентіне алимент төлемей жүргендердің 21-і қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 139 бабы бойынша іс қозғалған.

Батысқазақстандық прокурорлар үйлерді аралап, алимент төлеу бойынша сот актісін орындамай жүрген 256 борышкер анықталыпты. Олардың 105-іне қатысты сот қамаққа алу үшін шешім шығарған.

Өткен жылы перзентінің ақысын төлемей, жалтарып жүргендер 833 миллион теңге қарызын өтепті.

Өңірде борышкерлер үшін арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Аталмыш іс-шараның арқасында 415 борышкер еңбекке араласқан.

Главный баннер --> after article