Машина жасау кластерін жандандыру міндет
Орал қаласында «Мұнайгаз өнеркәсібіне арналған машинажасау» кіші кластерін дамыту бойынша форум өтті. Алқалы жиынға даму институттары, ұлттық компаниялар, ірі кен игерушілер мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Форумда машинажасау саласын дамыту, оның қазіргі күйі мен өзекті мәселелері, келешек әлеуеті жайы талқыланды. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сай жобалар пысықталды. Алдымен, көрмеде машинажасау компанияларының қызметі таныстырылды. Мұнайгаз саласына түрлі жабдықтар ұсынатын ірілі-ұсақты кәсіпорындардың өнімдерін де осы жерден табуға болады. Мұнда құрылыс заттарын,