8 часов назад

Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы делдал болғаны үшін сотталды

Сотталған бас маман Жамбыл облысында жұмыс істепті.

Сотталған бас маман Жамбыл облысында жұмыс істепті.
Фото: pexels.com

Жамбыл облысында мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы С. Үкімбаевқа, Тараз қаласының тұрғындары Э. Мурадовқа және Т.Телеуовқа қатысты үкім шықты. 

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Мұрадов пен Телеуов қалалық қаржы бөлімінің лауазымды адамдарына бұрын тәркіленген және соттың шешімі бойынша жойылуға жататын темекі өнімін бергені үшін 200 мың АҚШ доллары сомасында пара бергені үшін жауапқа тартылды. Ал, мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы парақорлыққа делдад болғаны үшін кінәлі деп танылды. 

Сот үкімімен Мұрадовқа он жыл, Телеуовқа тоғыз жыл, Үкімбаевқа үш жыл бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ Үкімбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор саласында қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: pexels.com

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp