• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда заңсыз жұмыс істеген микроқаржы ұйымы 2000-нан астам қарыз рәсімдеген

Микроқаржы ұйымы заңсыз қызмет атқарған.
Оралда заңсыз жұмыс істеген микроқаржы ұйымы 2000-нан астам қарыз рәсімдеген
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда микроқаржы ұйымы заңсыз жұмыс істеген. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының экономикалық тергеп-тексеру департаменті хабарлады. Департамент таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Аванс 07» ЖШС-нің басшысы тиісті лицензиясыз азаматтарға зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша беруді ұйымдастырған.

– Аталған қызмет «Уральск Золото» атты комиссиондық дүкеннің жұмысы ретінде көрсетіліп, жасырын түрде жүргізілген. Қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделген, ал пайыздық төлемдер зергерлік бұйымдарды сақтау қызметінің ақысы ретінде көрсетілген, – деп хабарлады облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі.

Микроқаржы ұйымы екі мыңнан астам қарыз беріліпті. Соның кесірінен компания 128 миллион теңгеден астам пайда тапқан. Сот санкциясымен күдіктінің автокөлігі мен алты миллион теңге көлемінде қолма-қол ақшаға тыйым салынған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Главный баннер --> after article