• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда ірімшік пен сүзбенің өндірісі артқан

Өткен жылмен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 38,8 пайызға өскен.
Қазақстанда ірімшік пен сүзбенің өндірісі артқан
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанда ірімшік пен сүзбенің өндірісі артқан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Өткен жылмен салыстырғанда өндіріс 38 пайызға артқан. Бірақ елімізде ірімшік пен сүзбенің экспорты азайған. Өткен жылдың қаңтар мен наурызында экспорт 10,5 мың тонна болыпты. Биыл он пайызға кеміп, 9,4 мың тонна құраған. Импорттық өнімнің үлесі жалпы ресурстар көлемінің 38,2% құрайды. Экспорт 20,2% қысқарған.

– 2026 жылдың алғашқы үш айында 382,2 тонна ірімшік пен сүзбе экспортталды. Аталған кезеңде ішкі нарықтағы сатылым көлемі 24,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7% өскен, – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Главный баннер --> after article