Орал қаласының Сырым Датов көшесінде КамАЗ, Haval және Jetour маркалы автокөлігі соқтығысты. Жол апаты тоғызыншы қаңтарда сағат 12.30 шамасында тіркелген.

– Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ бағдаршам алдында тоқтап тұрған Haval көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан КамАЗ қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Jetour көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Jetour автокөлігінің жүргізушісі жарақат алды. Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметі оны қарап-тексеруде, зардап шегуші есін біледі, байланысқа түсе алады,- деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Зардап шеккен жүргізушінің хал-жағдайы жайлы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сұрау салдық.