Орал қаласындағы Ружейников көшесі №10/1-үй тұрғындары суықта тоңып отыр. 80-пәтерлік баспанаға әлі жылу берілмеген. «Агрореммаш» ПИК төрайымының айтуынша, бұған тұрғындардың қарызы себеп. Әзірге жылудың қашан берілетіні белгісіз. holodno  Ирина Дмитриевнаның әр таңы «бәлкім, бүгін жылу берген шығар» деген үмітпен атады. Суықтан дірдектеген зейнеткерге киіммен ұйықтауға тура келеді. Күндіз газ пешін қосып жылынған болады. Қария бұл үйде 87 жылдан бері тұрып келеді. Оның сөзінше, уақытылы жөндеу жасалмағандықтан, соңғы жылдары үйдің тозығы жетіп, түйіткілі көбейіп кетті. Енді, міне, жылыту маусымына да дайын болмай шықты. Ирина әжей «Агрореммаш» ПИК-інің қызметі үшін ақшамды төлеп отырмын дейді. Бірақ «неліктен әлі күнге жылу жоқ» деген сұраққа, ПИК сіздің қарызыңыз бар деп жауап береді. - Үйдің суықтығы соншалық, бас киіммен ұйықтаймын. Міне, бірнеше шұлық, қалың жейде, қабаттап киініп алдым. 15-і береміз деді. 15-і өтіп кетті. Жылу жоқ әлі. Қашан беретіні де белгісіз. Қарызым жоқ. Жарайды мен, ал жасқа толмаған сәбилері бар отбасылар бар ғой. Соларды ойламай ма? - дейді зейнеткерИРИНА ДЕНЕЖКИНА. Өткен ғасырда салынған үйде бірде-бір рет күрделі жөндеу жасалмаған. Тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасымен жөндеу туралы әңгіме қозғалған. Бірақ соңы сиырқұйымшақтанып кетіпті. - Бізден Тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жүргізуге тізім сұрады. Біз келісім бердік, - дейді наразылық білдірген ТАМАРА ЧЕРНЯЕВА.- Бірақ биыл жөнделетін үйлер тізіміне енбей қалыппыз. Ал ПИК-ке бәрібір. Бізге қолын бір сілтеп отыр. Қарызымыз жоқ. Бәрі демеймін, бірақ 70 пайыздайы төлемін уақытылы төле п отыр. Үйдің күйін білу үшін көп алысқа ұзамай, жертөлеге түссең-ақ жетіп жатыр. Таттанып, тозған құбырлардың әр жерінен су сорғалайды. Күрделіні айтасыз, мұнда тіпті ағымдағы жөндеу де жүргізілмегені көрініп тұр. - Мұны реттеу үшін үйге күрделі жөндеу жүргізу міндетті емес. Тұрғындардың ай сайын төлейтін ақшасына ағымдағы жөндеу жүргізсе де жетіп жатыр, - деп түсіндірді бізге«ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» АҚ бөлім басшысы БЕКБОЛАТ ҚАМЕШЕВ Қала бойынша жылу 12 қазанда қосылды. «Жайықжылу қуат» өкілдерінің айтуынша, жылу барлық үйге бірдей беріледі. Ал пәтердің суық болуына ПИК кінәлі. - Қыс суық әрі қарлы болатындықтан, біз барлық үйге жылуде ертерек бердік. Бірақ ПИК-тері жылу өткізу ережелерін сақтамағандықтан, мінекей, тұрғындардан осындай шағым түсіп жатыр. - Бұл «Жайықжылуқуат» АҚ басшысының орынбасары ВЯЧЕСЛАВ СОЛОДИЛОВТІҢ сөзі. Ал пик төрайымының айтуынша,мәселені шешу үшін әкімдікке хабарласқан. Мамандар үйді жаңғыртуды ұсынған. Бірақ тұрғындарды бағдарламаға қатыстыруға көндіктіре алмадым дейді төрайым. Енді міне, қыстың көзі қырауда түйіткілдің түйіні әлі тарқаған жоқ. Ал төрайым кінәні тұрғындардан көріп отыр. Өкінішке орай Тамара Абрамичева жағдайдың мән-жайын түсіндіріп, бізге сұхбат беруден бас тартты. Бірақ    кооператив кеңсесіне бізбен бірге кірген үй тұрғындары мына жазбаны әкеліп берді. Онда «Агрореммаш» ПИК төрайымы ТАМАРА АБРАМИЧЕВАбылай депті: - Ол тұрғындармен жұмыс істеу мүмкін емес. Олар бұрынғы «Мясокомбинат» жұмысшылары. Кезінде колхоз олардың жағдайын жасап жаман үйренген. Өздері талап етеді, бірақ бізге көмектеспейді. Материалдық жағдайды шешпейді. Біз де олармен жұмыс істемейміз онда. Олар тіпті адам емес. Жауыздар! Әзірге бұл үйге жылудың қашан берілері белгісіз. Ал қалада ызғар күшейіп, бүгіннен қар қылаңдап жауа бастады.  
Арман Курманалиев