Батыс Қазақстан облысында құрамында сары «күннің батуы» (Е110), тартразин (Е102), понсо 4R(Е124) бояғыштары бар шайлардың сатылуына тыйым салынды. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаменті хабарлайды.
Сала мамандары саттыққа тыйым салынған шайлардың құрамында бояғыштар онкологиялық ауру тудырып, жүкті келіншектерде ұрлық дамуы тежегіп, балалар гипербелсенді немесе есеңгіреуі мүмкін деп дабыл қағуда. Зиянды бояғыштардың зардабы ұзақ жылдар бойы білінбей, ағзада жиналуы мүмкін екен.
Еліміздің бас дәрігерінің қаулысына сәйкес мына шайларды қолдануға және саудалауға тыйым салынды.
«Апамның шәйі Premium gold» түйіршіктелген қара шайы, «Orda Trade Astana» ЖШС қаптамалаған, Қазақстан Республикасы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі, 4 Г;
«Al-Hayat» Golg қоспалары бар қара шайы, өндірушісі «Empire KENIY E.P.Z. Limited», Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көкөзек ауылы, 751/2 учаскесі;
«БАЛҚИЯ Premium gold» түйіршіктелген қара шайы, «Аль-Хадия» ЖК қаптамалаған, Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Дүйсенов көшесі, 25;
«Pakistan tea» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 27;
«Alfarah» түйіршіктелген қара шай, өндірушісі көрсетілмеген;
«Aje Onim» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Орда Чай» ЖК, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша;
«Орда Кения» қара шайы, өндірушісі және қаптамалаушысы «Orda Trade Astana» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі, 4 Г;
«Аль-Кайрат шәйі Premium gold» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі, 4 Г;
«Al-Jannat Premium» түйіршіктелген қара шайы. «Ferdaus» ЖШС өлшеп-орап, қаптамалаған, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Дүйсенов көшесі, 25/159;
«Sultan Suleyman» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әл-Фараби даңғылы, әкелінуіне және сатылуына уақытша тыйым салынды.
Сауда-саттығына тыйым салынған шайларды көрсеңіз, бірден санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына хабар беріңіз.
Бас санитар дәрігердің қаулысына құлақ түрмей, заңсыз шай сатқандарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотта қаралмақ.