Оралда "Жас десантшы" әскери-патриоттық клубы ашылды. Салтанатты жиында жас десантшылар ант қабылдады. Олар арнайы дайындалған шеберлік көрсетілімін көпшілікке ұсынды.

Іс-шара "Жастарды әскери-патриорттық тәрбиелеудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын" іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Клуб Батыс Қазақстан облысының "Бізден басқа ешкім жоқ" және "Әуе-десант әскерлері мен арнайы жасақ ардагерлерінің одағы" қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жүзеге асуда.

Әскери-патриоттық клуб өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, ел мен жерді қадірлеуге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге үйретпек.