• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Астанада LRT іске қосылды

Жаңа қоғамдық көлікті президент іске қосты.
Астанада LRT іске қосылды
ОКҚ фотосы

Астанада LRT іске қосылды. Мемлекет басшысы жаңа қоғамдық көлікке мінді. Ол “Әуежай” станциясынан “Ұлттық музей” станциясына дейін жүріп өтті.

Президентке LRT станциясының 001 сериялы картасын берген. Бұл туралы президент телерадио кешені хабарлады.

LRT жүйесінің әр құрамы 600-ден астам жолаушыны тасымалдауға арналған. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын желі арқылы 15 құрам жүргізушісіз жүреді.

Жалпы жаңа қоғамдық көліктің инфрақұрылымында 18 станция мен замануи депо бар. Жолдың ұзақтығы 40 минутты құрайды екен. Құрамдар сағатына 50-60 шақырым орташа жылдамдықпен 5-6 минут сайын қатынамақ.

Главный баннер --> after article