2026 жылғы Forbes Kazakhstan рейтингіне енген ең бай 75 кәсіпкердің ішінде осы жас шамасына сәйкес келетін сегіз миллионер және бір миллиардер бар, деп хабарлайды Мой Город Forbes Kazakhstan-ға сілтеме жасап.

Олардың үшеуі 44 жаста, яғни жастар санатының жоғарғы шегінде. Бұдан бөлек, бір кәсіпкер – 42 жаста, екеуі – 41 жаста, біреуі – 38 жаста, ал ең жасы – 35 жаста.

Төменде олардың кім екені және табыс көздері қысқаша көрсетілген.

Ғалымжан Есенов (44 жас, $564 млн, 19-орын)
Бұрын Alatau City Bank-ке иелік еткен, сондай-ақ агросекторда жұмыс істейді.
Табысы банк және телеком активтерінен (соның ішінде «Кселл», «Транстелеком»), «Алель Агро» құс шаруашылығынан, Amalbio жобасы арқылы алма және шырын өндірісінен, «Уыз Май Индастри» кәсіпорны арқылы соя өңдеу мен мал азығынан, сондай-ақ Tamos Education үлесінен түседі.

Айжан Есім (44 жас, $207 млн, 47-орын)
Кәсіпкер байлығын «Қазфосфаттағы» үлесін сатудан кейін жинаған.
Қазіргі табыс көздері – фитнес саласындағы KRIDA жобасы және Алматы мен Петропавлдағы нан-тоқаш өндірісі.

Алмаз Әлсенов (44 жас, $204 млн, 48-орын)
Агробизнес пен халықаралық сауда саласында жұмыс істейді.
Негізгі активтері – Harvest Group арқылы агротрейдинг пен логистика, экспорттық қаржыландыру, Қазақстандағы агрожобалар және Африкадағы логистикалық хабтар.

Айғазы Құсаинов (42 жас, $132 млн, 64-орын)
Білім беру, тау-кен және құрылыс бағыттарын біріктірген кәсіпкер.
Табысы білім беру холдингінен, мыс өндірісінен, Verum Group жобаларынан және агросектордан келеді.

Нұралы Әлиев (41 жас, $280 млн, 41-орын)
Ірі холдингтер мен қонақүй бизнесінің иесі.
Табысы Capital Holding, Darmen Holding, қонақүйлер, мейрамханалар және бұрынғы телеком активтерінен қалыптасқан.

Асқар Байтасов (41 жас, $112 млн, 68-орын)
Ресторан индустриясында танымал кәсіпкер.
Негізгі табысы – 50-ден астам мейрамханасы бар ABR желісі, abr+ қосымшасы және осы саладағы инвестициялар.

Тимур Турлов (38 жас, $5,2 млрд, 6-орын)
Тізімдегі ең дәулетті кәсіпкер.
Негізгі активі – Freedom Holding Corp. (70% үлес). Сонымен қатар банк, сақтандыру, финтех, онлайн сервистер, медиа және инфрақұрылым салаларында жобалары бар.

Шахмұрат Мүтәліп (35 жас, $482 млн, 22-орын)
Ең жас кәсіпкерлердің бірі.
Integra Construction KZ арқылы құрылыс саласында танылған. Сонымен қатар логистика, инфрақұрылым, теміржол құрылысы және тау-кен жобаларына қатысады.

Жалпы, бұл тізімдегі жас кәсіпкерлердің басым бөлігі әртүрлі бағыттарды біріктірген ірі холдингтерге иелік етеді. Негізгі салалар – қаржы мен инвестиция, агробизнес, құрылыс және инфрақұрылым, сондай-ақ білім беру мен қызмет көрсету.

Ең байы – Тимур Турлов ($5,2 млрд), ал ең жасы – Шахмұрат Мүтәліп (35 жас).