Оралда жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған жүргізушілер анықталды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Екі адам заң бұзған.
- Патрульдеу барысында ВАЗ-2109 және Chevrolet автокөліктері тоқтатылды. Жүргізушілерге көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра көлік басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды,– деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші темір тұлпар басқарғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалап немесе он тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.