Қолданыстағы заңнамаға сәйкес алкоголь өнімдерін сататын кәсіп иелері арнайы лицензия алу керек. Рұқсат қағаз болмаса бизнес иелері айыппұл арқалайтыны беседен белгілі.
Батыс Қазақстан облысында дүкен иесі лицензиясыз ішімдік саудалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында болған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
– Іс материалдарына сәйкес, жоспарлы тексеру жүргізу барысында Сырым ауданы Жымпиты ауылында орналасқан жеке кәсіпкердің дүкенінде алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сату дерегі анықталған, - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот қаулысымен жеке кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463-бабының бірінші бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылыпты. Бизнес субьектісі 137 620 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.