• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: енесі мен күйеуіне іздеу салынды

2023 жылы Германияда бұрынғы Астанада судья болып жұмыс істеген Айгүл Сайлыбаева кісі қолынан қаза тапты.
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: енесі мен күйеуіне іздеу салынды
Фото ашық дереккөзден жүктелді

Германияда қасақана өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаева ісі бойынша күйеуі мен енесі іздестірілуде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Наталья Донцова мен оның ұлы Александр Донцовты іздеу жарияланғандар қатарына енгізді. Іс Талдықорған қаласында тіркелген.

Олар Германияда кісі қолынан қаза тапқан бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаева өліміне байланысты күдіктілер ретінде қарастырылып отыр.

Еске салайық, 2023 жылдың маусым айында Германияның Бенсхайм қаласының шетінде 40 жастағы Айгүл Сайлыбаеваның зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылған еді.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, оның денесінде пышақ жарақаттары болған. Сол күні Айгүл Сайлыбаевамен бірге оның енесі Наталья Донцова да жоғалып кеткен. Соңғы рет Донцова немересін балабақшадан алып, үйіне әкелген. Сол уақыттан бері Донцовадан еш хабар жоқ.

Айгүл Сайлыбаева – бұрын Астанада судья болып қызмет еткен, Шеффилд университетінде білім алған. Соңғы жылдары отбасымен бірге Германияда тұрған.

Главный баннер --> after article