• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды

Аймақ басшысы «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясының өкілдерімен кездесті.
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
БҚО әкімдігінің фотосы

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытай Халық Республикасының «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Бұған дейін өңір басшылығы мен компания арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

«Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясы медициналық инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізу және биологиялық ресурстарды ғылыми негізде өңдеу саласында жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта меморандум аясында өңірде жаңа кәсіпорын — «Ақжайық-БИО» ЖШС құрылып, киікті кешенді өңдеуге арналған жоба жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты — табиғи биоресурстарды тиімді пайдалану және өңір экономикасын дамыту.

Жобаға жүзеге асыру аясында туындаған мәселелер талқыланды.

Жоба өндірістік тізбекті кеңейтуге, экспорттық әлеуетті арттыруға және өңір экономикасын әртараптандыруға жағдай жасайды.

Главный баннер --> after article