Air Astana Қиыр Шығысқа ұшатын рейстерін тоқтатты

Әуе компаниясы 23 маусымда Атырау - Дубай, Астана - Дубай, Алматы - Дубай, Астана - Доха бағытында ұшатын рейсін тоқтатты.

Air Astana Қиыр Шығысқа ұшатын рейстерін тоқтатты
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Air Astana компаниясы Қиыр Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты төрт рейсті тоқтатты. 23 маусымда Атырау — Дубай — Атырау, Астана — Дубай—Астана, Алматы — Дубай — Алматы, Астана — Доха — Астана бағытында ұшатын рейстер орындалмайды. Бұл туралы Air Astana компаниясы хабарлады. 

— Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады. Air Astana әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалайды және одан әрі рейстерді тоқтатқан жағдайда қосымша хабарлайды, - делінген Air Astana компаниясының хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 28 маусымнан бастап Атырау-Дубай бағытында ұшатын рейстердің тоқтайтынын мәлімдеген еді. 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp