• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Алаяқтар алдап-арбаудың жаңа түрін ойлап тапты

Полиция қызметкерлері сақ болуға шақырады.
Алаяқтар алдап-арбаудың жаңа түрін ойлап тапты
polisia.kz-тың фотосы

Алаяқтар азаматтардың тапқан таянғанын тартып алу үшін аянып қалмайды. Олар алдаудың жаңа түрін ойлап тапқан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Соңғы уақытта алаяқтар Uchet.kz және Qoldau.kz сервистерінің атын жамылған алаяқтар жалған SMS-хабарламалар таратып жатыр. Сол себепті тәртіп сақшылары сақ болуға шақырады.

– Қаскүнемдер хабарламада “шұғыл, тез әрекет ету керек” деген сөздерді әдейі қолданып, адамдарды асықтырып, қорқытып жеке деректерін, логин мен парольдерін алуға тырысады. Негізгі мақсат – азаматтардың есептік жазбаларына және қаржылық қаражатына қол жеткізу, – деп ескертеді Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері алаяқтарға алданып қалмас үшін мына ережелерді ұстануға кеңес береді.

  • Ресми сервистер мұндай мазмұндағы SMS-хабарламаларды ешқашан жолдамайды;

  • Күмәнді хабарламаларға жауап бермеңіз, ондағы сілтемелерге өтпеңіз;

  • Жеке деректеріңізді (ЖСН, логин, пароль, банк картасының мәліметтері) SMS арқылы жібермеңіз;

  • Кез келген ақпаратты тек ресми сайттар мен сенімді дереккөздерден тексеріңіз.

Главный баннер --> after article